ЭРРА-ның екі күндік іс-шаралары аяқталды

ЭРРА-ның екі күндік іс-шаралары аяқталды

2022 жылғы 13-14 сәуірде гибридті режимде Энергетиканы реттеу органдары өңірлік қауымдастығының (ЭРРА, Қауымдастық) Жалпы жиналысы, Төрағалары мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырыстары өтті.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қауымдастықтың қазіргі мүшесі болып табылатыны бірнеше рет хабарланды, оның қызметі өз мүшелері арасында ақпарат және тәжірибе алмасу мен бүкіл әлемде энергетиканы реттеудің жинақталған тәжірибесіне қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.

Іс-шараларға ТМРК төрағасы Асан Дарбаев және Комитеттің Стратегиялық талдау және халықаралық интеграция басқармасының басшысы Саягүл Өмірзақова қатысты.

Дәстүр бойынша ЭРРА төрағасы М. Меликидзе Қауымдастықтың жоғары органы болып табылатын Жалпы жиналыс отырысында құттықтау сөз сөйледі.

Отырыс барысында БАӘ реттеуші органдары арасындағы мүшелікті ротациялау, сондай-ақ Қауымдастыққа жыл сайынғы жарнаны төлемеу және ұйымның кейбір қатысушыларының мүшелігін тоқтату мәселелері бойынша шешімдер қабылданды.

Бұдан әрі ЭРРА қызметі туралы есеп (2021 жылғы маусымнан 2022 жылғы сәуірге дейінгі кезең үшін), 2021 жылғы қаржылық және аудиторлық есептер, 2022-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспары мен жылдық бюджет,         2023 жылға арналған жыл сайынғы мүшелік жарнаның мөлшері тыңдалып, бірауыздан мақұлданды.

Сондай-ақ, өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Жалпы жиналыс ЭРРА Президиумының қазіргі 5 мүшесін, ЭРРА Төрағасы мен оның орынбасарын 2 жыл мерзімге қайта сайлады, сондай-ақ ЭРРА Қаржы комитетінің құрамына сайлау өтті.

Энергетика саласындағы сарапшыларға алғыс хаттар тапсырылғаннан кейін ЭРРА Жалпы жиналысының қорытындысы шығарылды.

Екінші күні М. Касепалудың төрағалығымен ЭРРА тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Іс-шара басында қатысушылар Жұмыс тобының 2022-2024 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Бұдан әрі, энергия тасымалдаушылардың бағалары туралы мәселеге арналған дөңгелек үстел шеңберінде Алжир, Босния және Герцеговина, Чех Республикасы, Эстония, Венгрия, Молдова, Солтүстік Македония, Сербия және Түркия реттеушілерінің өкілдері практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Қорытынды бөлімде қатысушылар ЭРРА-ның болашақ іс-шаралары туралы хабардар болды, сондай-ақ Жұмыс тобының келесі отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар талқыланды.

Қорытындылай келе, энергетика саласындағы өзекті мәселелердің кең спектрін талқылауға, мәселелерді шешуде тәжірибе және пікір алмасуға мүмкіндік беретін осындай іс-шаралардың практикалық маңыздылығын атап өткен жөн.