ТМРК-да қызметкерлерге мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын қатаң сақтауын еске салды

ТМРК-да қызметкерлерге мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын қатаң сақтауын еске салды

Бүгін 2021 жылғы 27 қаңтарда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі, төрағаның орынбасары Асхат Жапсарбайдың төрағалығымен ведомствоның өңірлік департаменттерінің басшылары мен орталық аппарат қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау жөніндегі кезектен тыс кеңес өтті.

Кеңес барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнамада және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларында жазылған талаптарды мүлтіксіз орындауға байланысты мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, ТМРК-ның Әдеп жөніндегі уәкілі Солтүстік Қазақстан облысында болған жағдай бойынша Әдеп жөніндегі тәртіптік комиссияның шешімімен Комитеттің СҚО бойынша департаментінің басшысы Абай Балабековті қызметінен босату ұсынылған мәселе қозғалды.

Айта кететін болсақ, жуырда солтүстік өңірде онда СҚО бойынша ТМРКД-ның басшысы Абай Балбековті қоғамдық орында мас күйінде болуына байланысты, жұмыстан босату түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынылған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесі өтті.

Аталған факті бойынша Ұлттық экономика министрлігі дискомиссияның ұсынымы шеңберінде  тиісті шешім қабылдайды.

ТМРК басшысының орынбасары мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларының нақты орындалуы туралы тағы да еске салды.

«Осындай жағдай қайталанбауы тиіс. Мемлекеттік қызметші қарапайым маман болсын, басшы болсын өзін дұрыс ұстауы және осындай жағдайларға жол бермеуі тиіс. Мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта да үлгі болуға тиіс екендігі бірнеше рет айтылған. Атап айтқанда, мемлекеттік орган басшысы әдеп нормаларды бұзудың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы керек»,- атап өтті Асхат Жапсарбай.

Қорытындылай келе Әдеп жөніндегі уәкіл департамент қызметкерлері арасында әдеп нормаларын тек жұмыс орнында ғана емес, сонымен қатар жұмыстан тыс уақытта да сақтау бөлігінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.