ТМРК-да қоғамдық қабылдау өтті

ТМРК-да қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлері өтіп бара жатқан 2021 жылда соңғы және тұтынушылар үшін кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау ТМРК басшысы орынбасарының төрағалығымен өтті.

Қабылдаудың трансляциясы Комитеттің Facebook-тегі парақшасы арқылы жүргізілді, сондай-ақ осындай қабылдаулар аумақтық департаменттердің Facebook парақшаларында көрсетілді.

Тарифтік ведомствоның мамандары тікелей эфирде газға, суға, жылуға, жарыққа тариф белгілеу бойынша, оның ішінде тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, сондай-ақ уақытша өтемдік тарифтердің енгізілуіне байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде төмендетілген тарифтер туралы соңғы мәлеметтермен бөлісті.