«ҚазТрансОйл» АҚ-ның жылу тарифтері төмендетілді

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның жылу тарифтері төмендетілді

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2020 жылға арналған реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметалардың орындалуына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша, жылу энергиясын беру және бөлу жөніндегі бекітілген тарифтік сметаның шығындар бабы бойынша орындамау анықталды, онда шешім қабылдау кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып негізсіз алынған кірістің жалпы сомасы 5,09 мың теңгені құрады7

Сондай-ақ, жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар баптарының орындалмауы анықталды, онда шешім қабылдау сәтіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып негізсіз алынған кірістің жалпы сомасы 98,23 мың теңгені құрады.

Осыған байланысты, Табиғи монополияларды реттеу комитеті тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы негізсіз алынған кірісті қайтару бөлігінде шаралар қабылдады.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның жылу энергиясын беру және бөлу бойынша уақытша өтемдік тарифтің деңгейі 1 жылға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,29%-ға төмендеп, ҚҚС-сыз 269,51 теңге/Гкалды құрайды (ҚҚС-сыз 270,29-дан 269,51 теңге/Гкал-ға дейін).

Жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу бойынша уақытша өтемдік тарифтің деңгейі 1 жылға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,60%-ға төмендеп, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша сараланып ҚҚС-сыз 6018,38 теңге/Гкалды құрайды (орташа орташа өткізу тарифі - ҚҚС-сыз 6054,65-тен 6018,38 теңге/Гкалға, халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындар ҚҚС-сыз 1723,29-дан 1712,97 теңге/Гкалға және өндірістік кәсіпорындар және коммерциялық ұйымдар ҚҚС-сыз 11801,89-дан 11731,19 теңге/Гкалға).

Бұл ретте, «ҚазТрансОйл» АҚ-ы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның шешіміне шағымдануға құқылы.

Комитет табиғи монополиялар субъектілерінің табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізетінін атап көрсету қажет.