Асан Дарбаев Будапештте (Венгрия) өткен екі күндік ЭРРА-ның іс-шарасына қатысты

Асан Дарбаев Будапештте (Венгрия) өткен екі күндік ЭРРА-ның іс-шарасына қатысты

Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығы (бұдан әрі – ЭРРА, Қауымдастық) екі күн бойы, ағымдағы жылғы 25-26 қараша аралығында тұрақты комитеттер мен жұмыс топтарының отырысын және ЭРРА мүшелері төрағаларының жиналысын өткізді.

Бұл жолы аталған іс-шара 2 жылға жуық онлайн режимдегі жұмыстан кейін, «гибридтік режимде» Будапешт қ. (Венгрия) өтті.

Осы шешімді ақпарат алмасу және әлемдегі энергетиканы реттеудің жинақталған тәжірибесіне қолжетімділікті кеңейту мақсатында, Қауымдастықтың Төралқасы қабылдаған болатын.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті ЭРРА-ның толық мүшесі бола отырып, энергетикадағы өзекті проблемаларды техникалық талқылауға белсенді қатысады, оның қорытындысы бойынша реттеу практикасын өзгерту бойынша сындарлы ұсыныстар әзірленеді. Бұл іс-шара да айрықша болмады.

Аталған іс-шараға Қазақстан атынан ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Тарифтік ведомствоның басшысы Асан Дарбаев қатысты.

Бірінші күні іс-шараның ашылуы ЭРРА-ның Төрағасы Майя Меликидзенің дәстүрлі құттықтау сөзінен өтті.

Іс-шараның бірінші күні «ақылды» есепті реттеу мәселесі бойынша тұрақты комитеттер мен ЭРРА жұмыс тобының бірлескен отырысы өтті, сондай-ақ зияткерлік есепке көшудің табысты саясатының, шығындар мен пайданы талдаудың өзекті мәселелеріне, сондай-ақ елдердің тәжірибесіне арналған сессиялар өтті.

Қауымдастық мүшелеріне Францияда есепке алудың зияткерлік жүйесін енгізу, Австрияда шығындарды реттеу, Грузияда шығындар мен пайдаларды талдау, ЕО-да киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, Италия мысалында зияткерлік есептегіштерді енгізу тәжірибелері, Грецияда зияткерлік электр есептегіштерін кезең-кезеңімен енгізу жолындағы проблемалар, бөлу жүйесі операторының көзқарасы бойынша Венгрияда зияткерлік есептегіштерді енгізу жағдайы таныстырылды.

Қатысушыларды, сондай-ақ ЭРРА-ның мүше елдердегі зияткерлік есептің жай-күйі туралы ЭРРА-ның зерттеулерінің негізгі қорытындылары туралы хабардар етті.

Екінші және соңғы күні ЭРРА-ның мүшелері төрағаларының отырысы өтті, бұл сессияларға бөлінді.

«Көтерме сауда нарығындағы баға іркілістері» атты бірінші сессиясы барысында, электр энергиясы мен табиғи газдың көтерме сауда нарығындағы бағаны анықтайтын факторларға, саясаттың қысқа мерзімді болашағына, сондай-ақ Франция мен Румыния мысалында реттеуші органдардың бағаның өсуіне реакциясына қатысты мәселелер қаралды.

Қорытындысында, «Баға іркілістері және бағаның өсуін жұмсартуға арналған реттеу құралдары» атты тақырыбында панельдік пікірталас өтті, оның модераторы ЭРРА төрағасының орынбасары, Энергетика және коммуналдық қызметтерді реттеу жөніндегі Венгр органының (HEA) вице-президенті Пал Сагвар болды.

Екінші сессия аясында қатысушылар сутегі болашағына жолы, электр энергиясы нарығының интеграциясы туралы мәселелерді қарастырды: (қосылу бойынша аралық жоба, іске асыру және пайдалануға берілгеннен кейінгі нәтижелер).

Іс-шарада, сондай-ақ Францияның энергетикасын реттеу жөніндегі комиссия (CRE), Австрияның энергетикасын реттеуші (E-Control), ЕО-ның энергетикасын реттеушілердің өзара іс-қимыл жөніндегі агенттігі (ACER) және Грузияның энергетика мен сумен жабдықтауды реттеу жөніндегі ұлттық комиссиясы (GNERC), Италияның Энергетика, желілер және қоршаған орта жөніндегі реттеуші органы (ARERA), Грекияның энергетика саласындағы реттеуші органы (RAE), өңірлік энергетикалық саясатты зерттеу орталығы өкілдерінің үздік практикалары туралы баяндамалары тыңдалды.

Іс-шара соңында қатысушылар екі күндік іс-шарада қозғалған тақырыптар бойынша пікір таластыра алды.

Мындай форматтағы іс-шара бірқатар елдердің өкілдерін өз көзімен көруге және энергияны реттеудің көптеген мәселелерін егжей-тегжейлі және конструктивті талқылауға мүмкіндік берді.