ТМРК-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кезекті кеңесі өтті

ТМРК-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кезекті кеңесі өтті

Бүгін, 2021 жылғы 19 қарашада Тарифтік ведомство басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Жапсарбайдың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған төзбеушілік жөніндегі кеңес өтті.

Кеңес Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде мемлекеттік басқарудың жаңа моделі және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою бойынша шаралар бөлігінде Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық департаменттері қызметкерлері арасында өткізілді.

ТМРК басшысының орынбасары өз сөзін Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мемлекеттік қызметшілердің азаматтарға лайықты өмір сүруді қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау, заңның үстемдігін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттері туралы сөздерінен бастады.

Сөз сөйлеу барысында Асхат Жапсарбай ведомство қызметкерлеріне ТМРК-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын қолдану қажеттілігі туралы еске салды, оның мақсаты Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыру болып табылады.

Сондай-ақ, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, жаңадан және алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілердің арнайы тексеруден өту рәсімдері, мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жыл сайын тапсыру, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерін сақтау және басқа да мәселелер егжей-тегжейлі қозғалды.

ТМРК басшысының орынбасары, сондай-ақ Комитет атына күнделікті келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесіне де тоқталды.

«Өтініштерді қарау кезінде заңнаманы басшылыққа алу қажет және әрбір өтініш белгіленген мерзімде жан - жақты қаралуы тиіс», - деп атап өтті Асхат Жапсарбай.

Ол сондай-ақ қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапасыз көрсетуге шағымдардың болмауы, сондай-ақ ішкі талдау тексеру нәтижелері бойынша, Комитет пен оның департаменттерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болмауы бөлігінде оң динамиканы атап өтті.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты барынша азайту мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асыратын жалпы республикалық «Адалдық алаңы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасының жұмыс істеуі қысқаша атап өтілді.       «Өз жұмыстарыңызда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмысты жеделдетуді сұраймын», - деді аумақтық департаменттерінің басшыларына төрағаның орынбасары.

Қорытындысында, Асхат Жапсарбай мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін дұрыс қолдану мен зерделеу қызметтегі басымдықтарды дұрыс қоюға және жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, кез келген адам сенім телефонына (ТМРК-ның сайтында көрсетілген) қоңырау шалып, оған Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде жүгіне алатынын және қандай да бір қызметкердің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері туралы хабарлай алатынын тағы да еске салды.