ТМРК-да қоғамдық қабылдау өтті

ТМРК-да қоғамдық қабылдау өтті

Күз айының бірінші сейсенбісінде, ағымдағы жылғы 2 қарашада коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін кезекті қоғамдық қабылдау өтті.

Қоғамдық қабылдау Комитеттің Facebook-тегі парақшасы арқылы көрсетілді.

Қабылдауда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасарлары Нұрлан Жалғасбаев пен Ақан Ташпанов төрағалық етті.

Комитет мамандары газға, суға, жылуға, жарыққа тариф белгілеу бойынша, оның ішінде тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, сондай-ақ уақытша өтемдік тарифтердің енгізілуіне байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде төмендетілген тарифтер туралы жаңа ақпаратпен бөлісті.