Асан Дарбаев «Біріккен ЭнергоCервистік Компания» АҚ-ның нысандарына мониторинг жүргізді

Асан Дарбаев «Біріккен ЭнергоCервистік Компания» АҚ-ның нысандарына мониторинг жүргізді

Бүгін, 2021 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев жұмыс сапарымен Өскемен қаласына (ШҚО) келді, онда «Біріккен ЭнергоCервистік Компания» АҚ-ның нысандары бойынша баспасөз турына қатысты.

Баспасөз турды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырып өткізді.

Асан Дарабаев баспасөз туры барысында субъектінің келесі бесжылдыққа арналған инвестициялық бағдарламалардың орындауымен танысты.

Баспасөз турына қоғам және БАҚ өкілдері де қатысты.

Баспасөз турының қатысушылары барған нысандар - 110/35/6 СДИ қосалқы станциясы және 110/35/6кВ «Левобережная» қосалқы станциясы болды.

2016-2020 жылдардағы инвестициялық бағдарлама шеңберінде Өскемен қаласының оң жағалау бөлігінің санатты нысандарын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ нәтижесінде электр энергиясыз 48 793 абонент қалған 2017 жылы туындаған төтенше жағдайды жою мақсатында, 110/35/6 кВ «СДИ» қосалқы станцияларын 25000кВА екі күштік трансформаторын 40000кВА ауыстыру және 35кВ екі вакуумдық ажыратқышты орнату арқылы қайта жаңарту жүргізілді. Аталған қайта жаңарту осы ауданда қуат тапшылығын жойды, қосалқы станцияны қайта жаңартқаннан кейін қолданыстағы және жаңадан іске қосылған абоненттер арасында электр энергиясының жүктемесін бөлді және келешекте тұтынудың өсуін ескере отырып, жаңа тұтынушылардың технологиялық қосылуына мүмкіндік берді.

110/35/6кВ «Левобережная» қосалқы станциясы Өскемен қаласының 100 мыңнан астам тұтынушысы бар тораптық қосалқы станцияларының бірі болып табылады. Бұл қаланың 1965 жылы салынған алғашқы қосалқы станцияларының бірі екенін атап өткен жөн. Технологиялық бұзушылықтар туындаған жағдайда, қосалқы станциялар токтан ажыратылады: СДИ, № 42, № 26. Электр энергиясының кернеуін үздіксіз беру үшін, қолданыстағы МКП-110 ажыратқыштарын элегаздыққа, РВС-110 ажыратқыштарын ОПН-110 асқын кернеуін шектегіштерге, РНДЗ-110 ажыратқыштарын алыстан қолмен басқарылатын ажыратқыштарға, НКФ-110 кернеу трансформаторларын элегаздылыққа, ТФЗМ-110 ток трансформаторларын элегаздылыққа, ОРУ-110кВ ашық тарату құрылғыларын жарықтандыру прожекторларын энергия үнемдегіш қондырғыларға, ауа кіретін блокты-модульді ғимараттағы КРУ-35 кВ жиынтық тарату құрылғысына ОРУ-35кВ ашық тарату құрылғыларын жабдқтау, қолданыстағы ЗРУ-10 кВ жабық тарату құрылғыларын, майлы ажыратқыштары бар ұяшықтарды вакуумдық ажыратқыштары бар ұяшықтарға ауыстыра отырып, қосалқы станцияны қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы жобаны іске асыру мынаны қамтамасыз етеді:

- электр энергиясының қуатын беру деңгейін арттыру;

- 100 мыңнан астам тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады;

- экологиялық аспект: 6/10/35/110кВ май ажыратқыштарын вакуумды және элегазды ажыратқыштарға ауыстыру май толтырылған жабдықты пайдалану кезінде қоршаған орта компоненттерінің ластануын болдырмауға мүмкіндік береді.

Нысандармен танысуды «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ-ның Басқарма Төрағасының даму жөніндегі орынбасары Жанабаев Бакытжан Кайратович жүргізді.

Осы нысандарды аралау барысында баспасөз турының қатысушылары 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламамен, оның ішінде бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2021 жылы не орындалғаны және не орындау жоспарланғанымен танысты.

Жалпы, «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ-ы бекітілген тарифтік смета шеңберінде инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде, онда тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және сапасын қамтамасыз етуге, электр желілерінің өткізу қабілетін ұлғайтуға және шығындарды азайтуға бағытталған жабдықтарды жаңғырту бойынша бірқатар ірі ауқымды іс-шаралар көзделген.

2020 жылы инвестициялық бағдарламаны орындау шеңберінде 21 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, 72 жоба бойынша ведомстводан тыс сараптама қорытындысы алынды.

«0,4/6/10/35/110кВ электр беріліс желілерін жаңғырту және қайта жаңарту» бабы шеңберінде жалпы ұзындығы 115,635 км болатын 45 нысан бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, «Қосалқы станцияларды жаңғырту және қайта жаңарту» бабы шеңберінде объектінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін, 42 қосалқы станцияда қажетті жабдықтарды ауыстыру бойынша іс-шаралар жүргізілді.

2021 жылғы инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстар белгіленген мерзімдерге сәйкес, жұмыстарды орындау кестесінен қалыс қалмай жүргізілуде.

13 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 3 жоба бойынша ведомстводан тыс сараптама қорытындысы алынды.

Жалпы ұзындығы 21,24 км 3 іс-шара бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстары аяқталды: ӘЖ-110кВ Ж157С, ӘЖ-110кВ Ж175С, ӘЖ-10кВ Ж-15.

Сондай-ақ, объектінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті жабдықтарды ауыстыру бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Алдағы 2022-2025 жылдарға арналған инвестициялық салымдар келесі іс-шараларды орындауды көздейді:

- 215 нысан бойынша электр желілерін қайта жаңарту және жаңғырту бойынша ЖСҚ әзірлеу;

- Әуе желілерін жаңғырту және қайта жаңарту -110/35кВ – 217,42 км;

- Әуе желілерін жаңғырту және қайта жаңарту - 6/10 кВ – 287,91 км;

- Әуе желілерін жаңғырту және қайта жаңарту- 6/10-0,4  кВ  – 131,02 км;

- СИП сымымен ЭБЖ жаңғырту және қайта жаңарту – 204,95 км;

- ШҚО, Семей қ. «БЭСК» АҚ тұрмыстық деңгейдегі электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ);

- «Қосалқы станцияларды қайта жаңарту 35/6 кВ № 2» Семей қ.»;

- «Қосалқы станцияларды қайта жаңарту 35/6 кВ № 3» Семей қ.»;

- «Қосалқы станцияларды қайта жаңарту 35/6 кВ №7» Семей қ.;

- «Қосалқы станцияларды қайта жаңарту 110/35/10 кВ «Левобережная»;

- 110/35кВ қысқа тұйықтағыш-бөлгіштерді ЭВ элегазды ажыратқышқа ауыстыру –60 дана.;

- 110/35 кВ май ажыратқышын ЭВ элегазды ажыратқышқа ауыстыру – 164 дана;

- Күштік трансформаторды ауыстыру – 15 дана;

- Екінші трансформаторды орнату – 3 дана;

- Ж-110 кВ қорғаныс шкафын ауыстыру – 61 дана;

- Аккумуляторлық батареяны ауыстыру – 10 дана;

- В-10 кВ ажыратқышын 10 кВ вакумдық ажыратқышқа ауыстыру (ретрофиттер) – 674 дана;

- 6/10кВ трансформаторлық қосалқы станцияларды жаңғырту және қайта жаңарту – 80 дана;

- КРН/КРУН-6/10 кВ ауыстыру – 14 ҚС;

- Негізгі қорды жаңарту – 2 382 дана

«Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ-ның өкілдерінің айтуынша, аталған іс-шаралар электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсету бөлігінде үздіксіз және сапалы жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тарифтік ведомствоның басшысы Асан Дарбаев «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ-ның энергия беру саласындағы рөлін атап өтіп, инвестициялық бағдарламалар шеңберінде соңғы тұтынушылар үшін қызмет көрсету сапасы тәуелді облыстың жабдықтаушы ұйымдарына электр энергиясын беру бойынша қызметті сапалы жүзеге асыруда өзінің міндеттемелерін орындауының маңыздылығын атап өтті.