ТМРК бірқатар ірі монополистерді әкімшілік жауапкершілікке тартты

ТМРК бірқатар ірі монополистерді әкімшілік жауапкершілікке тартты

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы,  «КазТрансОйл» АҚ-ы, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы және «KEGOC» АҚ-ы сияқты субъектілердің бекітілген тарифтік сметалардың  орындау есептеріне талдау жүргізді.

Жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша, олардың тарифтік сметаларды орындамау бөлігінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы анықталды.

Нәтижесінде, аталған субъектілер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.