ТМРК-да дәстүрлі түрде қоғамдық қабылдау өтті

ТМРК-да дәстүрлі түрде қоғамдық қабылдау өтті

Қазан айының бірінші сейсенбісінде, а.ж. 5 қазанда, коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін кезекті қоғамдық қабылдау өтті.

Қоғамдық қабылдау онлайн режимде Комитеттің Facebook-тегі парақшасы арқылы өтті.

Қабылдауда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасарлары Асхат Жапсрабай мен Нұрлан Жалғасбаев төрағалық етті.

ТМРК жүргізген қабылдауға барлық тілек білдірушілер қосылып, қызықтыратын сұрақ қоя алды.

Өз кезегінде, Комитет қызметкерлері газ, су, жылу, жарық тарифтері бойынша, оның ішінде уақытша өтемдік тарифтердің енгізілуіне байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде төмендетілген тарифтер туралы жаңа ақпаратпен бөлісті.