ТМРК-ның қатысуымен ЭРРА жұмыс органдарының кезекті отырыстары өтті

ТМРК-ның қатысуымен ЭРРА жұмыс органдарының кезекті отырыстары өтті

2021 жылғы 22 қыркүйекте онлайн режимде Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығы (ЭРРА) Комитеттерінің кезекті отырыстары өтті.

Бұл жолы жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ электр энергиясы нарығы және экономикалық реттеу мәселелері талқыланды.

Белгілі болғандай, ТМРК ұйымның толық мүшесі бола отырып, энергетикадағы өзекті мәселелерді техникалық талқылауға белсенді қатысады, оның қорытындысы бойынша реттеу практикасын өзгерту бойынша сындарлы ұсыныстар әзірленеді.

Алдымен Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі ЭРРА комитетінің отырысы өтті, онда келесі мәселелер қаралды:

- Солтүстік елдердің электр энергетикасында сатып алу жөніндегі келісімдер: жаңартылатын энергия көздерінің өсуіне әсері және электр энергиясы нарықтары үшін салдары;

- ЭРРА ішкі зерттеуі – Реттеуші органдардың ЖЭК түрлі технологияларын енгізуге қатысуы-сауалнама нәтижелерін таныстыру;

- ЭРРА Электр нарығы және экономикалық реттеу жөніндегі комитетпен және ЭРРА Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі жұмыс тобымен зияткерлік есептегіштердің бірлескен есебі туралы жаңартылған ақпарат.

Сондай-ақ, отырыс шеңберінде Қауымдастық мүшелеріне қолданыстағы қолдау схемаларына егжей-тегжейлі елдік шолу көрсетілді.

Венгрияның Энергетика және қоғамдық қызметтерді реттеу басқармасының (HEA), Молдова Республикасының Энергетиканы реттеу жөніндегі ұлттық агенттігінің (ANRE), Латвияның Қоғамдық қызметтерді реттеу жөніндегі комиссиясының (PUC) және Литваның Энергетиканы реттеу жөніндегі ұлттық кеңесінің (NERC) өкілдері баяндама жасады.

Бұдан әрі, ТМРК өкілдері Электр энергиясы нарықтары және экономикалық реттеу жөніндегі ЭРРА комитетінің отырысына белсенді қатысты.

Қатысушыларға нарықты қадағалау тақырыбы бойынша ЭРРА сауалнамасының нәтижелері ұсынылды.

Сонымен қатар, күн тәртібі аясында электр энергиясын өндірудің нормативтік аспектілері туралы мәселе қаралды.

Іс-шара барысында Нигерия, Литва және Албанияның реттеуші органдарының өкілдері үздік тәжірибелер туралы баяндама жасады.

Қызықты презентациялардан кейін түсіндірмелермен, сұрақтармен және жауаптармен белсенді пікірталас өтті.

Сонымен қатар, іс-шарада қатысушыларға Комитеттің жаңа мүшелері, тарифтер бойынша ЭРРА Деректер базасының жаңартылған мәртебелері, зияткерлік есеп жобасы, ЭРРА-ның нарықты қайта реттеу бойынша статус-кво туралы есебі, сондай-ақ ЭРРА-ның болашақ қызметі туралы ақпарат берілді.

Отырысқа Қазақстанның Тарифтік реттеушісі атынан ТМРК Төрағасының орынбасары Нурлан Джалгасбаев және Стратегиялық талдау және халықаралық интеграция басқармасының басшысы Саягуль Умурзакова қатысты.