ТМРК қызметкерлері реттеу мәселелері бойынша ЭРРА-ның өңірлік кездесуіне қатысты

ТМРК қызметкерлері реттеу мәселелері бойынша ЭРРА-ның өңірлік кездесуіне қатысты

Бүгін, 2021 жылғы 21 қыркүйекте, онлайн режимінде Еуразия елдері үшін реттеу мәселелері бойынша Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығының (ЭРРА) өңірлік жұмыс тобының 2-ші отырысы өтті.

Еуразия аймағындағы реттеу мәселелері бойынша ЭРРА семинарына Табиғи монополияларды реттеу комитетінен басқа, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Ресей және Украинаның реттеуші органдарының өкілдері қатысты.

Мұндай кеңестер реттеудің өңірлік басымдықтарына, ағымдағы міндеттер мен күтілетін жобаларға арналады және өңірлік деңгейде ақпарат пен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Бұл кездесудің күн тәртібі ағымдағы жылдың 3 наурызында бірінші отырыс шеңберінде реттеушілердің талаптарын ескере отырып қалыптастырылды және келесі энергетика саласындағы өзекті мәселелерді қамтиды:

- Тарифтерді белгілеу әдіснамасы және тариф белгілеу әдіснамасына шолу;

- Жаңартылатын энергия көздеріне тарифтерді реттеу және әдіснамасы;

- Мониторинг процесін цифрландырудың жаңа технологиялары.

Аталған тақырыптар бойынша ЭРРА, Австрияның электр энергиясы және табиғи газ нарықтарын реттеуші (E-Control), Грузияның энергетика және сумен жабдықтауды реттеу жөніндегі ұлттық комиссияның (GNERC) өкілдері егжей-тегжейлі сөз сөйледі.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде дөңгелек үстелде белсенді пікірталас өтті және ағымдағы отырыстың қорытындысы шығарылды.

Пікірталас аясында алдағы уақытта осындай отырыстарда талқыланатын жаңа тақырыптар да қарастырылды.