Комитетте онлайн-қоғамдық қабылдау өтті

Комитетте онлайн-қоғамдық қабылдау өтті

Бірінші күзгі айдың бірінші сейсенбісінде ТКШ мәселелері бойынша кезекті онлайн-қоғамдық қабылдау өтті.

Бұл жолы ол ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Асхат Жапсарбайдың төрағалығымен өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық қабылдау елдегі эмидемилогиялық жағдайға байланысты, онлайн режимінде өткізілді және ол еліміздің барлық өңірлері бойынша өткізілді.

ТМРК өткізген қоғамдық қабылдауға тұтынушылар қосылды, олардың сұрақтары Атырау облысында жарық пен газ тасымалдау тарифтерін ұстап тұруға, ведомство қоғам өкілдерімен бірлесіп жүргізетін жұмыс топтарына байланысты болды.

Барлық сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Өз кезегінде, Комитет қызметкерлері тұтынушыларды газға, суға, жылуға, жарыққа бекітілген тарифтер, оның ішінде уақытша өтемдік тарифтердің енгізілуіне байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде төмендетілген тарифтер туралы хабардар етті.