Комитетте Француз даму агенттігінің (ФДА) өкілдерімен кездесу өтті

Комитетте Француз даму агенттігінің (ФДА) өкілдерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Комитет басшылығы Орталық Азиядағы ФДА Өңірлік кеңсесінің директоры Вэнсан Копен бастаған Француз даму агенттігінің (ФДА) делегациясымен кездесті.

ФДА 1941 жылы құрылған Франция үкіметінің ірі агенттігі, 70-тен астам дамушы елдердегі жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырады.

Кездесудің мақсаты - Комитетпен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау, техникалық көмектің басым мәселелері мен бағыттарын айқындау.

Бұл кездесуге ФДА атынан Париждегі бас офистегі энергетика жөніндегі жобалардың басшысы Адам Айаш және Орталық Азиядағы ФДА-ның энергетика жөніндегі жобалардың басшысы Матильда Камю қатысты.

Кездесу басында француз тарапы қазақстандық тарапты өзінің қызметі мен Орталық Азия елдерінде іске асырылып жатқан жобалары, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азияда техникалық қолдауды кеңейту ниеті туралы хабардар етті.

Кездесу барысында ФДА делегациясы ҚР ҰЭМ мен ФДА арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандум аясында Қазақстандағы энергетика саласында техникалық көмек көрсету желісі бойынша одан әрі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын ұсынды.

Өз кезегінде Комитет төрағасы Асан Дарбаев Агенттік өкілдерін Қазақстанда жүргізіліп жатқан энергетикалық сектордағы тарифтік саясат туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бірлескен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.