Асан Дарбаев Қарағанды облысындағы газ желілерінің құрылыс барысымен танысты

Асан Дарбаев Қарағанды облысындағы газ желілерінің құрылыс барысымен танысты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша елорданы ғана емес, Қазақстанның орталық және солтүстік облыстарын, соның ішінде Қарағанды облысын газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі.

Бүгінгі күні «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Нұр-сұлтан» бағыты бойынша «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 1-кезеңінің құрылысы толық аяқталды.

Сонымен қатар, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында газ тарату желілерінің құрылысы жалғасуда.

Жергілікті халықтың газға қосылуын қашан күтетінін білу үшін, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Қарағанды қаласындағы газ тарату желілері құрылысының барысымен танысуға шешім қабылдады.

Елді газдандыру жобасы жергілікті атқарушы органдар мен жалпы үкімет үшін қалай маңызды, солай Табиғи монополияларды реттеу комитеті үшін де өте маңызды болып табылады.

Осыған байланысты, ҚР ҰЭМ ТМРК және Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен Қарағанды қаласында қалаішілік газ желілерінің құрылысына мониторинг жүргізілді.

Осы ауқымды және күрделі жұмыстың соңында халық үшін тариф бекітілетіні құпия емес, ол барлық тараптар үшін әділ болуы, әрине, газбен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтің сапасына да сәйкес келуі тиіс.

Облыс әкімдігінің атынан Қарағанды өңір басшысының орынбасары Ермек Алпысов қатысты.

Ермек Алпысов мониторинг барысында жобаларға сәйкес қалаларды газдандыру жеке іске қосу кешендеріне бөлінгенін хабарлады.

«Қарағанды қаласының жобасы 16 іске қосу кешенінен тұрады, бұл 29 528 үй және жылына
546,4 млн.м3 дейін газ тұтыну көлемімен 87 504 тұтынушы, Теміртау қаласының жобасы 8 іске қосу кешенінен тұрады, бұл 4 498 үй және жылына 62,2 млн. м3 дейін газ тұтыну көлемімен 5 949 тұтынушы, өз кезегінде Жезқазған қаласының жобасы 6 іске қосу кешенінен тұрады, бұл 4 562 үй және жылына 141,7 млн. м3/жыл газ тұтыну көлемімен 14 831 тұтынушы. Іске асыру кезеңі 2020-2035 жылдарға келеді.»,- деп атап өтті аймақ басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, аталған іс-шараға Қарағанды облысы бойынша ТМРК-ның аумақтық департаментінің өкілдері, ТМРК-ның Мұнай және газ тасымалдау саласын реттеу басқармасының басшысы Қазыбек Ратбеков, Қарағанды облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Қарағанды филиалының директоры Талғат Қызылбаев қатысты.

Ұлантай Үсенов өз кезегінде Қарағанды облысындағы газ тарату желілерінің құрылыс барысы және өңірді одан әрі газдандыру перспективалары туралы айтып берді.

«Бүгінде Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында алғашқы іске қосу кешендерінің құрылысы толық көлемде аяқталды. Екінші іске қосу кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да техникалық шарттарды беруге және үйлерді қосу бойынша кеңес беретін абоненттік бөлім ашылды. Облысты одан әрі газдандыру жоспарына келетін болсақ, Шахтинск қаласын, Жаңаарқа және Осакаров аудандарын газдандыру үшін жобалар әзірленді, бұл жобаларды іске асыру, қаржыландыру 2022 жылы басталады. Ағымдағы жылы Сарань қаласында жеткізу газ құбырының құрылысы басталатынын атап өткім келеді, бұл одан әрі Сарань қаласы және Дубовка, Ақтас кенттеріне газ беруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қаражал қаласы, Бұқар Жырау және Шет аудандарының Жәйрем кентін газдандыруға ЖСҚ әзірленуде, жобаларды әзірлеудің аяқталу мерзімі 2022 жыл.»,- деді Ұлантай Үсенов.

ТМРК басшысы Асан Дарбаев қазіргі уақытта Теміртау және Жезқазған қалаларында желілерді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның сенімгерлік басқаруына беру рәсімі аяқталғанын, және Қарағанды қаласының желілерін беру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Газ тарату желілері ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін Қарағанды облысында берілген жағдайда, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының соңында Қарағанды облысының тұтынушылары үшін тариф пен баға бекітілуі мүмкіндігін атап өткен жөн. Әрине, тариф әділ бекітілетін болады, бұл тариф «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның тарифі жобасы бойынша жария тыңдауды өткізу жолымен тұтынушының да, субъектінің де мүдделерін ескеретін болады.»,- деді
Асан Дарбаев БАҚ өкілдеріне.

Сондай-ақ, ТМРК басшысы газға қосылып жатқан тұрғын үйлерге барып, тұрғындардың бірінен жақын арада көгілдір отынды пайдаланудан әсерін білді.

«Аталған тұрғын үй секторларының тұрғындары пештерді көмірмен жағуға қуанышты екендіктерін хабарлады. Бұл жоба экологияны айтарлықтай жақсартуға, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға, қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, бұл жайлылық пен ыңғайлылық!»,- деді ТМРК төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы тұтынушылар үшін шекті бағаның өзі мыналардан тұрады:

- ҚР Энергетика министрлігі бекітетін тауарлық газдың шекті көтерме бағасы (70%);

- ҚР ҰЭМ ТМРК бекітетін тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қызметтеріне шекті тариф және тауарлық газды өткізуге жабдықтау үстемесі (30%).

Бұл ретте, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңде Қарағанды облысының тұтынушылары үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің
ҚҚС-сыз 25 764 теңге/мың м3 мөлшеріндегі шекті бағасын бекітті.

Халық үшін жүктемені азайту мақсатында, Комитет облыс тұтынушылары үшін тарифті бекітуге арналған өтінімді қарау кезінде тиісті жұмыс жүргізетін болады.

Анықтамалық:

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес тарифті жеңілдетілген тәртіппен бекітуге арналған өтінімді Комитет 30 күнтізбелік күн қарайды;

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес бағаны келісу туралы ақпаратты Комитет 30 күнтізбелік күн қарайды.