ТМРК мамандары кезекті қоғамдық қабылдауды өткізді

ТМРК мамандары кезекті қоғамдық қабылдауды  өткізді

7 шілдеде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Жалғасбаевтың төрағалығымен кезекті қоғамдық қабылдау өтті.

Осындай қоғамдық қабылдаулар дәстүр бойынша еліміздің барлық өңірлерінде өтті және аумақтық департаменттер басшыларының Facebook-тегі парақшаларында көрсетілді.

ТМРК қызметкерлері қабылдау кезінде жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және теміржол көлігі саласындағы реттеу салаларында тариф белгілеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Атап айтқанда, Энергетика министрлігінің бұйрығы бойынша ЭӨҰ-да шекті тарифтердің өсуіне байланысты электр энергиясына тарифтің негізсіз жоғары көтерілуіне, Энергетика министрлігінің бұйрығы бойынша тауарлық газға көтерме бағалардың өсуіне байланысты, газ тарифінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша ведомство жасаған жұмысы туралы хабарланды.

Жылумен жабдықтау бойынша 2020-2021 жылдардағы жылу беру кезеңінде жылуды қайта есептеу бойынша жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.

Сондай-ақ, басқа салалар бойынша да көптеген ақпарат болды.

ТМРК қызметкерлері тікелей эфирде энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметіне қатысты және т.б. қойылған сұрақтарға жауап берді.