Асан Дарбаев ЭРРА-ның жыл сайынғы Жалпы жиналысының отырысына қатысты

Асан Дарбаев ЭРРА-ның жыл сайынғы Жалпы жиналысының отырысына қатысты

Бүгін, 2021 жылғы 9 маусымда Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығының (ЭРРА) жалпы жиналысының виртуалды отырысы өтті.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті ЭРРА-ның қазіргі мүшесі бола отырып, ЭРРА мүшелері арасында ақпарат пен тәжірибе алмасуына қуана қатысады, онда энергияны реттеуде жинақталған тәжірибе алуға мүмкіндік беріледі.

Қазақстанның Тарифтік реттеушінің атынан отырысқа ведомство басшысы Асан Дарбаев және Стратегиялық талдау және халықаралық интеграция басқармасының басшысы Саягуль Умурзакова қатысты.

Дәстүр бойынша, ЭРРА Төрағасы Майя Меликидзе қауымдастықтың жоғарғы органы болып табылатын жалпы жиналыс отырысының ашылуында құттықтау сөз сөйледі.

Бұдан әрі, отырыс барысында Жалпы жиналыспен Мозамбик Республикасының Энергетика саласындағы реттеушісінің (ARENE) қауымдастықтың толық құқылы мүшелерінің қатарына кіру туралы шешім қабылданды.

Содан кейін ЭРРА-ның қаржылық және аудиторлық есептер, сондай-ақ 2020 жылғы қыркүйектен 2021 жылғы маусымға дейінгі қызметі туралы есеп тыңдалды және бекітілді.

ЭРРА хабарлағандай, жоғарыда аталған уақыт кезеңі ішінде 150-ден астам сарапшылар мен реттеуші органдардың өкілдерінің қатысуымен Реттеушілер төрағаларының, электр энергия, табиғи газ, ЖЭК нарықтары бойынша ЭРРА Комитеттерінің және тұтынушыларды қорғау жөніндегі Жұмыс тобының 17 онлайн отырысы өткізілді.

ТМРК, өз кезегінде, ұйымның тұрақты мүшесі бола отырып, энергетикадағы ең өзекті мәселелерді техникалық талқылауларында белсенді қатысады, оның қорытындысы бойынша реттеу практикасын өзгерту бойынша конструктивті ұсыныстар әзірленеді.

Отырыс барысында өткен дауыс беру қорытындысы бойынша, Жалпы жиналыс 2022 жылға арналған мүшелік жарналардың мөлшерін, 2021 жылғы шілде – 2022 жылғы маусымға арналған жұмыс жоспары мен ұйымның жылдық бюджетін мақұлдады.

Сондай-ақ, Жалпы жиналыс аясында кандидаттар қатарынан Төралқаның екі мүшесін сайлауы өтті.

Төралқа мүшелері сайланған күнінен бастап екі жылға тағайындалатынын, және қайта сайлануға құқығы бар екенін атап өту қажет.

Әрі қарай, Жалпы жиналысқа ЭРРА-ның Стратегиялық консультативтік кеңесі ұсынылды.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде алғыс грамоталарды тапсыру рәсімі өтті және Жалпы жиналыстың ағымдағы отырысының қорытындысы шығарылды.