ЭРРА Табиғи газ нарығы және экономикалық реттеу комитетінің отырысы онлайн режимінде өтті

ЭРРА Табиғи газ нарығы және экономикалық реттеу комитетінің отырысы онлайн режимінде өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 2 маусымында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті де мүшесі болып табылатын Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығының (ЭРРА) Табиғи газ нарығы және экономикалық реттеу комитетінің отырысы өтті.

Айта кету керек, ЭРРА Табиғи газ нарығы және экономикалық реттеу комитетінің қызметі газ нарығын тарату деңгейінде де, тарату деңгейінде де реттеуге, сондай-ақ отынның жаңа түрлерін зерттеуге бағытталған.

Бұл жолы ЭРРА Табиғи газ нарығы және экономикалық реттеу комитетінің отырысы газ тарату жүйесінің операторларын бөлу және табиғи газдың бөлшек сауда нарығында бәсекелестікті дамыту мәселесіне арналды.

Аталған іс-шараға Тарифтік ведомство атынан Төрағаның Орынбасары Ерболат Ибрайханов қатысты.

Сессияда Түркияның энергия нарығын реттеу жөніндегі басқармасының (EMRA) өкілі, табиғи газ нарығы жөніндегі ЭРРА комитетінің төрағасы Мехмет Кюркчу модератор болды.

Іс-шара барысында Түркия, Алжир, Чехия, Венгрия және Перу реттеуші органдарының өкілдері үздік тәжірибелер туралы баяндамалар мен презентациялар жасады.

Қызықты презентациялардан кейін Комитет қатысушыларымен түсіндіру, сұрақтар және жауаптармен белсенді пікірталас өтті.

Сондай-ақ, күн тәртібі шеңберінде газ тасымалдау жүйесінің операторларын сертификаттау және ірілендіру жөніндегі зерттеу жұмысы туралы мәселе де қаралды.

Отырыс барысында ЭРРА Хатшылығының өкілдері қатысушыларды газ тарифтеріне қатысты ЭРРА дерекқорының жаңартылуы және ЭРРА-ның болашақ қызметі туралы хабардар ете алды.