Онлайн форматта кезекті қоғамдық қабылдау өтті

Онлайн форматта кезекті қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін, жаз айының бірінші күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті онлайн режимде тағы бір қоғамдық қабылдау өткізді.

Комитеттің Facebook-тегі парақшасында, сондай-ақ аумақтық департаменттер басшыларының Facebook-тегі парақшаларында қоғамдық қабылдау трансляцияланды.

Дәстүрлі түрде Комитет қызметкерлері жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және теміржол көлігі саласындағы реттеу сияқты салаларындағы ТКШ тарифтерін тежеу бойынша бүгінгі күні атқарылған жұмыстары және табиғи монополиялар субъектілерінің қолданыстағы тарифтері туралы айтып берді.

Қабылдау кезінде қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен аумақтардағы тарифтік саясат жөніндегі өңірлік кеңестердің жұмысы қатысты сұрақтар келіп түсті.

ТМРК төрағасының орынбасары Асхат Жапсарбай барлық сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ барлық тұтынушыларды Комитеттің атына ТМС-ның іс-әрекеттеріне қатысты шағыммен жүгінуге, сондай-ақ қазіргі уақытта ведомство қызметкерлері қарастырып жатқан ТМС есептеріне ұсыныстар беруге шақырды.

Сондай-ақ, қабылдау соңында Асхат Жапсарбай бүгінгі қабылдау жарқын және мейірімді мерекеге түскенін атап өтіп, барлығын Балаларды қорғау күнімен құттықтап, барлық балаларға денсаулық пен бақыт тіледі.