ТМРК-да АО «KEGOC» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

ТМРК-да АО «KEGOC» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде «KEGOC» АҚ-ның электр энергиясын беру, желіге жіберуді және электр энергиясын тұтынуды техникалық диспетчерлендіру және 2021-2025 жылдарға арналған электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге арналған өтінімін қарастырды.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, жария тыңдау «ZOOM» платформасы және Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде параллелді турде өтті, оған Қазақстанның «Атамекен» ҰКП-ның, салалық мемлекеттік органдардың, ассоциациялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, басқа да мүдделі тұлғалар, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның тұтынушылары қатысты.

Тығдауларда ТМРК басшысы Асан Дарбаев төрағалық етті, онда ол тыңдаудағы қатысушыларды қарсы алып, барлығын жария тыңдауды өткізу тәртібімен таныстырды, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның тарифтерінің, тарифтік сметаларының жобаларына өз ұсыныстары мен ескертулерін белсенді түрде айту қажеттігін атап өтті.

ТМРК Төрағасы баршаға жоғарыда көрсетілген «KEGOC» АҚ-ның қызметтері тарифтерінің мерзімі 2020 жылы аяқталғанын еске салды.

«Жария тыңдауларды өткізудің мақсаты тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің ашықтығын, хабардарлығын, теңгерімінің сақталуын, жоғарыда аталған реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған КЕГОК өтінімдерін қарау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.», - деп атап өтті Асан Дарбаев.   

Жария тыңдауда «KEGOC» АҚ-ның Қаржы және есеп жөніндегі басқарушы директоры, Ботабеков Айбек Төлеубекұлы спикер болды.

«KEGOC» АҚ-ның өкілі өз сөзінде Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес жоғарыда көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер 5 жылға белгіленетінін хабарлады.

«KEGOC» АҚ-ның электр энергиясын беру, электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қолданыстағы тарифтері 2016-2020 жылдарға бекітілді. Олардың қолданылу кезеңінің аяқталуына байланысты «KEGOC» АҚ ТМРК-ға 2021-2025 жылдарға арналған жаңа тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге өтінім берді», - деп атап өтті Айбек Ботабеков өз сөзінде.

Содан кейін, жария тыңдаудағы қатысушылар мен БАҚ өкілдері субъектінің тарифтері мен тарифтік сметаларының жобаларына қатысты өздерін қызықтыратын және толғандыратын сұрақтарды қойып, оларға жауаптар ала алды.

Қорытындылай келе, ТМРК басшысы барлығына қатысқаны және ұсыныстарды белсенді білдіргені үшін алғыс білдіре отырып, түпкілікті шешім «KEGOC» АҚ-ның өтінімін қарау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіппен қабылданатынын атап өтті.

Айта кету керек, Комитет әрдайым жария тыңдаудағы қатысушылардың пікірлерін ескереді және түпкілікті шешім қабылдаған кезде тұтынушылар мен субъект арасындағы мүдделер тепе-теңдігін сақтауға тырысады.