ТМРК қоғамдық бірлестіктерді ТМС-ның есептерін қарауға қатысуға шақырады

ТМРК қоғамдық бірлестіктерді ТМС-ның есептерін қарауға қатысуға шақырады

Табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, табиғи монополия субъектісі жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға - бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті ұсынуға міндетті.

Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінде «ҚазТрансОйл» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ және «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның  реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша бекітілген тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы есептері қарауда жатыр.

Жоғарыда көрсетілген табиғи монополиялар субъектілерінің есептерін табиғи монополиялар субъектілері «Монополист» Базасы» веб-порталында орналастыру арқылы ұсынған және еркін қолжетімді.

Табиғи монополиялар туралы заңнаманың 29-бабының 3) тармақшасына сәйкес, қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасында белгіленген құқықтардан басқа, сондай-ақ тарифтің және инвестициялық бағдарламаның жобаларын, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді уәкілетті органның қарауына да қатысатынын еске салу қажет.

Осыған байланысты, ТМРК 2020 жылға бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді қарауға қоғамдық бірлестіктердің қатысу және 2021 жылғы 10 маусымға дейін жоғарыда көрсетілген табиғи монополиялар субъектілерінің есептері бойынша ведомствоға ұсыныстар мен ескертулер ұсыну мүмкіндігі туралы хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген есептер бойынша ТМРК қызметкерлерімен байланыс үшін деректер:

  • Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы реттеу басқармасының басшысы-Құнанбаев Рустам Рахметоллаұлы, тел. 8 (7172) 74 15 92;
  • Жылу энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы-Токтамысов Дамир Сабырұлы, тел. 8 (7172) 74 38 80;
  • Электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы-Көшекбаев Кенжеболат Қуандықұлы, тел. 8 (7172) 74 17-76;
  • Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу басқармасының басшысы-Оралов Қанат Орынбайұлы, тел. 8 (7172) 74 16-05;
  • Мұнай және газ тасымалдау саласындағы реттеу басқармасының басшысы-Ратбеков Қазыбек Асқарұлы, тел. 8 (7172) 74 19-35.