Кезекті қоғамдық қабылдау онлайн форматта өтті

Кезекті қоғамдық қабылдау онлайн форматта өтті

Бүгін, бірінші мамыр мерекесінен кейін, 2021 жылғы 4 мамырда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде онлайн форматта кезекті қоғамдық қабылдау өтті.

Қоғамдық қабылдау Комитеттің Facebook-тегі парақшасында, сондай-ақ аумақтық департаменттер басшыларының Facebook-тегі парақшаларында трансляцияланды.

Комитет қызметкерлері қабылдау барысында жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және теміржол көлік саласында реттеу сияқты салаларда ТКШ тарифтерін ұстап тұру бойынша бүгінгі күні атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Тұтынушыларға Энергетика министрлігі ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап энергия өндіруші ұйымдар үшін тарифті көтергені туралы тағы да хабарланды, бұл тиісінше соңғы тұтынушының тарифіне әсер етті.

Сондай-ақ, электр станцияларындағы шекті тарифтердің өсуі су мен кәріз тарифтеріне мультипликативті әсер ету мүмкіндігі де туралы.

Бірақ Комитет өз тарапынан халық үшін жүктемені азайту бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, өткен аптада Энергетика министрлігі тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағасын көтеруді жоспарлап отырғанын хабарлады, бұл тұтынушы үшін түпкілікті бағаға әсер етуі мүмкін.

Соңында тағы да табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Комитеттің атына келіп түскен ұсыныстар туралы хабарланды, олар жұмыс тобының кезекті отырысында қаралатын болады.