Аумақтық департаменттердің қызметкерлері үшін семинар өткізілді

Аумақтық департаменттердің қызметкерлері үшін семинар өткізілді

Табиғи монополияларды реттеу комитеті аумақтық департаменттердің қызметкерлері үшін «Сот тәжірибесінің мәселелері» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Семинарда сот тәжірибесі барысында туындайтын мәселелер талқыланды, сонымен қатар семинар шеңберінде жақында қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жаңалықтары бойынша дәріс өткізілді.

Дәріскер ретінде Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы, құқық магистрі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы құқық академиясының доценті - Амангелдин Айбек Темурович болды.

Семинар барысында әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттейтін жаңа ережелер, әкімшілік органның құзіреті, әкімшілік істерді қарау және шешу, соттың белсенді рөлі және т.б. түсіндірілді.