ТМРКД-ы қызметкерінің ерлік іс-әрекеті туралы жалғасында…

ТМРКД-ы қызметкерінің ерлік іс-әрекеті туралы жалғасында…

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Асан Дарбаев, өткен аптада баланы жанып жатқан пәтерден құтқарған елордалық Департамент қызметкері Ақылбек Қыпшақбаевқа жасаған ерліктері үшін жеке алғысын білдірді.

Асан Дарбаев Ақылбек Қыпшақпаевқа қырағылығы, батылдығы, ерлігі және  өмірді құтқару кезіндегі жедел шешім қабылдағаны үшін, Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтың атынан Алғыс хат табыс етті.

«Біздің қатарымызда әрдайым көмекке келуге дайын қызметкерлер жұмыс істейтініне қуаныштымыз. Сіз баршаны ерлік ісіңізбен шабыттандырдыңыз.»,-құтқарушының отбасына денсаулық пен амандық, сондай-ақ жұмыста табыс тілей отырып, атап өтті ТМРК басшысы.

Сондай-ақ, батырды ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де атап өтіп, оған «Өрттегі ерлігі үшін» төсбелгісін тапсырды, бұған дейін ТЖД қызметінің өзі де Ақылбектың ерлігін азаматтық қорғау полковнигі Қ. Базарбаевтың атынан Алғыс хатпен атап өтті.