Асан Дарбаев Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі

Асан Дарбаев Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі

А.ж. 5-12 сәуір аралығында онлайн-форматта Қазан мемлекеттік энергетика университеті мен Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұйымдастыруымен «Энергетикадағы тарифтік реттеу жөніндегі Халықаралық ғылыми мектеп» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде, оған ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлері қатысуда.

Конференцияға министрліктер мен ведомстволардың, ТМД елдерінің мемлекеттік органдарының басшылары, бейінді энергетикалық ЖОО-ның ректорлары, Ұлттық компаниялардың өкілдері, кәсіпкерлер, бизнес-құрылымдар мен ҮЕҰ да қатысып жатыр.

Конференцияның мақсаты энергетика саласында тариф құру бойынша халықаралық тәжірибе мен білім алмасу болып табылады.

Бүгін, конференцияның үшінші күні ТМРК төрағасы Асан Дарбаев ТКШ саласындағы Қазақстанның тарифтік саясатын іске асыру туралы баяндама жасады.

Қазақстанның Тарифтік ведомствосының басшысы өз сөзінде табиғи монополиялар салаларын мемлекеттік реттеу, Қазақстанда тарифтерді қалыптастыру әдіснамасы, тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Электр энергиясы саласын (электр энергиясын өндіру, беру және жабдықтау) реттеудің ерекшеліктерін талдай отырып, ол сондай-ақ электр энергиясының бөлшек сауда нарығы саласындағы ағымдағы проблемаларды және оларды шешу бойынша қолданылатын шараларды атап өтті.

Қорытындылай келе, Асан Дарбаев ұйымдастырушыларға конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, энергетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін аталған шараның маңыздылығын атап өтті.

Жалпы, өткізілген іс-шараның нәтижесінде қатысушылар энергетикада тариф белгілеу әдіснамасы мәселелерін талқылауға, одан әрі алған білімдерін қорытындылауға және тарифтік реттеу саласындағы өзекті міндеттерді шешу үшін жаңа тәсілдердің бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік алады.

Әрине, мұндай конференцияларды өткізу тәжірибесі қазақстандық тарап өкілдерінің ғана емес, сондай-ақ басқа да елдердің өкілдерінің осындай күрделі саладағы тәжірибесін арттыруға оң әсерін тигізеді.

Оқудың бірінші циклын өткізу қорытындысы бойынша, конференция ұйымдастырушылары «ТМД елдеріндегі тарифтік реттеудің ерекшеліктері» тақырыбына халықаралық ұжымдық монография шығаруды жоспарлап отыр.

Бұл монография осы тақырыпқа қызығушылық танытқан көпшіліктің меншігіне айналуы тиіс.