«Көліктік сервис орталығы» АҚ-на қатысты шаралар қабылданды

«Көліктік сервис орталығы» АҚ-на қатысты шаралар қабылданды

Бірқатар өтініштер негізінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Көліктік сервис орталығы» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша, субъектінің іс-әрекеттерінде ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеуден көрінетін табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылық анықталды.

Нәтижесінде табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізілді және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Бұдан басқа, бұған дейін Комитет табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы 3 нұсқама енгізген болатын (нақты ұзақтығы бойынша ақы алу, мүлікті иеліктен шығаруға өтініш беру, тарифтің шекті деңгейін бекіту үшін өтінім беру бойынша).

Табиғи монополия субъектісінің нұсқамаларды орындамауына байланысты, Комитет нұсқамаларды орындауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап-арыз берді.