ТМРК қызметкерлері онлайн-форматта қоғамдық қабылдау өткізді

ТМРК қызметкерлері онлайн-форматта қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін, 2021 жылғы 6 сәуірде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлері онлайн режимде кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау онлайн-форматта ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Facebook парақшасы арқылы орталық деңгейде ғана емес, еліміздің өңірлері бойынша да өтті.

Комитет мамандары қабылдау кезінде жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау сияқты салаларда ТКШ тарифтерін ұстап тұруға бағытталған жұмыстар туралы айтып берді.

Тұтынушыларға Энергетика министрлігі ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап энергия өндіруші ұйымдар үшін тарифті көтергені туралы тағы да хабарланды, бұл сәйкесінше түпкілікті тұтынушының тарифіне әсер етеді.

Бірақ Комитет өз тарапынан халықтың жүктемесін азайтуға тырысады.

Содан кейін ТМРК-ның салалық басқармаларының басшылары сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тарифтері, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау тарифтері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, тұтынушыларға жылумен жабдықтаушы ұйымдардың іс-әрекеттерінде жылу үшін заңсыз төлемдер бөлігінде қандай бұзушылықтар анықталғаны туралы ақпарат жеткізілді.

Отырыс соңында Комитеттің атына келіп түскен табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар туралы хабарланды, олар жұмыс тобының кезекті отырысында қаралатын болады.