ТМРК ірі монополист-субъектілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты

ТМРК ірі монополист-субъектілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты

2019 жылға бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалу есептерін талдау қорытындысы бойынша, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ және «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаудан көрінген міндетті орындамағаны үшін, әкімшілік жаза қолдану туралы Комитеттің қаулыларымен субъектілер әкімшілік айыппұл сала отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

- «Интергаз Орталық Азия» АҚ 1 600 АЕК мөлшерінде;

- «ҚазТрансОйл» АҚ 3 200 АЕК мөлшерінде;

- «Көліктік сервис орталығы» АҚ 1 600 АЕК мөлшерінде.