Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Сіздерді көктемнің таңғажайып, әйелдер мерекесі – 8 наурыз күнімен құттықтайды!
Бұл күн әйелге тән – нәзіктік, сұлулық пен қамқорлық мерекесі. Сіздер өмірге нәр, жарық бересіздер, шаңырақты қуаныш пен ырысқа толтырасыздар. Сіздер адам бойында сенімділік ұялатасыздар, жасампаздыққа рухтандырасыздар, жүрек жылуын бересіздер. Сіздердің жақындарыңыз әр күніңізді шаттыққа бөлесін, айшықты күндеріңіз көп болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, көктемгі мерекелік көңіл-күй тілейміз!