ТМРК басшысы Атырау қаласының тұтынушыларымен кездесті

ТМРК басшысы Атырау қаласының тұтынушыларымен кездесті

Бүгін, 2021 жылғы 15 ақпанда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Атырау қаласына жұмыс сапарымен барып, коммуналдық салаға байланысты проблемалар жөніндегі Комитеттің аумақтық департаментіне жүгінген қала тұтынушыларымен кездесті.

Тұтынушылардың проблемалары жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау салаларына қатысты болды.

Мысалы, Баумгертнер Наталья мен Толстова Дарья азаматтары «АТЭО» АҚ-ы компаниясының өткен жылғы желтоқсан айындағы шот ұсыну бөлігіндегі іс-әрекеттерінің заңдылығы туралы өтінішпен жүгінді.

Сондай-ақ, Жақсыбаев Руфат азаматы тұтынылған газ үшін ай сайын түзету коэффициентін қолдануға қатысты проблемалық сұрақпен жүгінді.

Қалған тұтынушылар жыл басынан бері қаланың кейбір бөліктерінде электр энергиясын өшіру жағдайларының жиілеп кетуінің себептерін түсіндіруді сұрады, өйткені электр энергиясын жиі өшіру салдарынан әртүрлі мақсаттағы тұрмыстық техника істен шығады және мұндай жағдайларда зиянды өтеуге кім жауапты екенін сұраған болатын.

Тарифтік реттеушінің басшысы Асан Дарбаев әрбір тұтынушыны тыңдап, әрбір айтылған мәселе бойынша нақты түсінік беруге тырысты.

Айта кету керек, бұл күні Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы департамент ұжымына жаңа басшы Төлеп Әбдіманапұлы Әлібекті таныстырды.

Әлібек Төлеп бұған дейін Комитеттің темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарған және көптеген жылдар бойы табиғи монополиялар саласында жұмыс істеген.

Асан Дарбаев Атырау облысы бойынша ТМРК департаментінің жаңа басшысына тұтынушылардың барлық өтініштерін ерекше бақылауға алып, тұтынушылармен айтылған мәселелерді шешу бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Тұтынушылармен кездесуге облыстың бірқатар БАҚ өкілдері шақырылды, олар Тарифтік реттеушінің басшысына өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

Кездесуге тұтынушылардан басқа жергілікті БАҚ және табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері қатысқанын ескере отырып, Тарифтік реттеушінің басшысы оларды Атырау облысы бойынша Комитет департаментінің жаңа басшысымен таныстырып, олар ТМРК Атырау бойынша департаментінің коммуналдық саладағы тариф белгілеу мәселелері бойынша жаңа басшысына жүгіне алатынын атап өтті.

Сондай-ақ, кездесу соңында ТМРК Төрағасы табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдеріне коммуналдық қызметтер үшін келген шоттар, сондай-ақ жылу аспаптарымен байланысты жүргізіп жатқан жұмыс бойынша халықпен белсенді және ашық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.     

Тағы бір айта кетерлігі, ТМРК әрдайым Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік органдар үшін белгілеген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстанады.