Биыл екінші қоғамдық қабылдау өтті

Биыл екінші қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін, 2021 жылғы 2 ақпанда жаңа жыл басынан бері екінші қоғамдық қабылдау өтті.

Қоғамдық қабылдау ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің Facebook-парақшалары арқылы онлайн режимде өтті.

Комитет мамандары қабылдау кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін тежеу және ашық тариф белгілеу бөлігінде ведомство жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Нақты уақыт режимінде ведомствоға тұтынушылардан көптеген сұрақтары мен ұсыныстары келіп түсті.

Сұрақтар бұрын қоғам қайраткерлерінің табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер енгізу, сондай-ақ қоғамдық ұйым өкілдерін осы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына енгізу бойынша жіберген ұсыныстарына қатысты және өзге де сұрақтар болды.

Оларға жауаптар беріліп, ал ұсыныстар жұмыста есепке алу үшін қабылданды.