ТМРК жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні қоғамдық қабылдау өткізді

ТМРК жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін, 2021 жылғы 5 қаңтарда, жаңа жылдық мерекелерден кейінгі бірінші жұмыс күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті азаматтарға арналған кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қабылдау еліміздің барлық өңірлеріндегі сияқты Facebook арқылы онлайн режимде өтті.

Комитет жаңа жылды тұтынушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беруімен қоғамдық қабылдаудан бастауға қуанышты болды.

ТМРК басшылығы ведомствоның 2020 жылы халық үшін тарифтердің өсуін тежеу, сондай-ақ 2021 жылы халық үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу бойынша қандай жұмыс жүргізгені туралы тағы да егжей-тегжейлі тоқталды.

Сондай-ақ, Комитет мамандары уәкілетті органның атына Фейсбуктегі парақшаға бұрын түскен сұрақтарға жауап берді.