АО «KEGOC» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

АО «KEGOC» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде «KEGOC» АҚ-ның электр энергиясын беру, желіге жіберуді және электр энергиясын тұтынуды техникалық диспетчерлендіру және 2021-2026 жылдарға арналған электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге арналған өтінімін қайта қарады.

Жария тыңдау «ZOOM» платформасы және Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде өтті, оған «Атамекен» Қазақстан ҰКП, Энергетика министрлігінің, Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, басқа да мүдделі тұлғалар, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның тұтынушылары қатысты.

Жария тыңдау Комитет төрағасы Асан Дарбаевтың төрағалығымен өтті.

Асан Дарбаев тыңдаудағы қатысушыларды қарсы алып, барлығын жария тыңдауды өткізу тәртібімен таныстырды, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның тарифтерінің, тарифтік сметаларының жобаларына өз ұсыныстары мен ескертулерін белсенді түрде айту қажеттігін атап өтті.

Жария тыңдауда «KEGOC» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары - Ботабеков Айбек Төлеубекұлы спикер болды.

«KEGOC» АҚ-ның өкілі өз сөзінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғарыда көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер 5 жылға белгіленетінін хабарлады.

«KEGOC» АҚ-ның электр энергиясын беру, электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қолданыстағы тарифтері 2016-2020 жылдарға бекітілді. Олардың қолданылу кезеңінің аяқталуына байланысты «KEGOC» АҚ ТМРК-ға 2021-2026 жылдарға арналған жаңа тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге өтінім берді», - деп атап өтті Айбек Ботабеков өз сөзінде.

Содан кейін жария тыңдаудағы қатысушылар мен БАҚ өкілдері субъектінің тарифтері мен тарифтік сметаларының жобаларына қатысты өздерін қызықтыратын және толғандыратын сұрақтарды қойып, оларға жауаптар алды.

Қорытындылай келе, ТМРК басшысы барлығына қатысқаны және ұсыныстарды белсенді білдіргені үшін алғыс білдіре отырып, түпкілікті шешім «KEGOC» АҚ-ның өтінімін қарау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіппен қабылданатынын атап өтті.

Айта кету керек, Комитет әрдайым жария тыңдаудағы қатысушылардың пікірлерін ескереді және түпкілікті шешім қабылдаған кезде тұтынушылар мен субъект арасындағы мүдделер тепе-теңдігін сақтауға тырысады.