Локомотивтік тартқыш қызметтеріне шекті бағалар жария тыңдауларда талқыланды

Локомотивтік тартқыш қызметтеріне шекті бағалар жария тыңдауларда талқыланды

2026 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС-нің жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш қызметтеріне шекті бағаларды алдағы уақытта арттыру мәселесі бойынша жария тыңдаулар өткізді.

Тыңдаулар барысында компания өкілдері шекті бағаларды қайта қарау жөніндегі ұсыныстың негіздемесін таныстырды. Мәлімделген өсім деңгейі 50%-ды құрайды.

«ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС ұсынған ақпаратқа сәйкес, бағаларды қайта қарау қажеттілігі электр энергиясы, дизель отыны, локомотив бригадаларының қызметтері, локомотивтерді жөндеу және сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ басқа да пайдалану шығындары құнының өсуіне байланысты. Бұл ретте локомотивтік тартқыш қызметтеріне қолданыстағы баға деңгейі 2018 жылдан бері қайта қаралмаған.

Жария тыңдауларға қауымдастықтардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Ұсынылған өтінімді Комитет заңнама талаптарына сәйкес мәлімделген шығыстардың экономикалық негізділігі тұрғысынан қарайтын болады. Шешім қабылдау кезінде субъект пен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау қажеттілігі, сондай-ақ жария тыңдауларға қатысушылар білдірген пікірлер ескерілетін болады.