«Интергаз Орталық Азия» АҚ өтінімдері бойынша жария тыңдаулар өткізу туралы

«Интергаз Орталық Азия» АҚ өтінімдері бойынша жария тыңдаулар өткізу туралы

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Қазақстан Республикасының магистральдық газ құбырлары арқылы тауарлық газды тасымалдау және газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметаларды тарифтік реттеудің шығындық әдісін қолдана отырып бекіту туралы өтінімдерін қарау шеңберінде 2026 жылғы 7 қазанда сағат 11:00-де жария тыңдау өткізілетінін хабарлайды.

Жария тыңдау Астана қаласы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 12 ғимарат, «Болашақ» БО, 14-қабат, конференц-зал мекенжайында өтеді.

Сонымен қатар, барлық мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жария тыңдау Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мына сілтеме бойынша тікелей көрсетілім арқылы жүргізіледі: https://www.facebook.com/share/1UEcVTyYfQ/?mibextid=wwXIfr. 

Тарифтер мен тарифтік сметаларды талқылау бойынша жария тыңдауларға ҚР Парламентінің депутаттары, мәслихаттар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады («Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның өтінімі https://monopolist.gov.kz/ сілтемесі бойынша ашық қолжетімді орналастырылған).

Комитеттің және «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның байланыс телефондары мен интернет-ресурстары:

тел.: +7 (7172) 74-24-35, www.gov.kz/memleket/entities/krem;

тел.: +7 (7172) 92-70-84, https://intergas.kz/.