
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2016 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі, сондай-ақ Комитет әзірлеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Көрсетілген бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, 8 (7172) 74-26-74 телефоны арқылы хабарласуға немесе ұсыныстарды a.zholdybaeva@economy.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауға болады.