Асан Дарбаев коммуналдық саладағы тарифтік саясаты туралы ОКҚ алаңында айтып берді

Асан Дарбаев коммуналдық саладағы тарифтік саясаты туралы ОКҚ алаңында айтып берді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Асан Дарбаев ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жүргізіп жатқан коммуналдық саладағы тарифтік саясаты туралы айтып берді.

Асан Дарбаев сөзінің басында табиғи монополиялар саласында Комитет реттейтін 2000-ға жуық қызмет көрсететін 1247 субъект өз қызметін жүзеге асыратынын хабарлады. Сондай-ақ Комитеттің реттеуіне қоғамдық маңызы бар нарықтардың 71 субъектісінің қызметі жатады.

«Коммуналдық тарифті қалыптастырудағы жаңа тәсілдердің негізіне басты постулат салынған - тұтынушылардың мүдделерін қамтамасыз ету, яғни тарифтердің өзгеруінің негізділігі, реттелетін қызметтердің сапасын жақсарту және болжамдылық», - деп жалғастырды ТМРК басшысы.

ТКШ саласына инвестициялар азаматтардың мүдделері мен әл-ауқатын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, өйткені олар активтердің техникалық жағдайын жақсартуға, апаттық жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға, көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Осылайша, 2015-2021 жылдары ТКШ саласына (электр энергетикасы, сумен жабдықтау және су бұру, жылу энергетикасы) инвестициялардың күтілетін көлемі 800-ден астам млрд.теңгені құрайды», - деп хабарлады Тарифтік реттеушінің басшысы.

2020 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Комитет ел тұрғындары үшін коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуін тежеді.

Асан Дарбаев: «Іс жүзінде бұл бағытта үлкен жұмыс жүргізілді. Тарифтердің жоспарлы өсімі орта есеппен 15,5% - ды құрауы тиіс еді, ал республика бойынша орташа есеппен небәрі 0,5% - ды құрады».

Ең үлкен өсім Энергетика министрлігі бекіткен станцияларда шекті тарифтердің өсуіне байланысты электр энергиясына келді.

Бүкіл әлемді коронавирустық індетінің пандемиясы басып алған кезеңде, өкінішке орай, біздің еліміз де шетте қалмады. Қазақстанда төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде Комитет ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша а. ж. 1 сәуірінен бастап республика бойынша тұрғындар үшін тарифтерді орта есеппен 7,4% - ға төмендетті. Нәтижесінде, бір айдың ішінде халық 1 млрд. теңге үнемдеді.

«Осы кезеңде монополистерге қарыздарға байланысты тұтынушыларды коммуналдық игіліктерден ажыратуға жол бермеу ұсынылды»,- деп атап өтті Асан Дарбаев.

ТМРК басшысы: «Комитет тұрақты негізде монополистердің қызметіне бақылауды жүзеге асырайды. Осы жылдың 10 ай ішінде монополистерге табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларын бұзғаны үшін 1,11 млрд.теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде мемлекет кірісіне 429,81 млн. теңге өндіріп алынды».

ТМРК сондай-ақ монополистердің міндеттемелерді орындауын бақылауға ерекше назар аударады. Жыл сайын субъектінің инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың іс-шараларын орындауына мониторинг жүргізіледі. Субъект тарифті алу кезінде субъект өзіне алған жаңғырту және дамыту бойынша белгілі бір міндеттемелерді орындамауы, – Комитет тарапынан өтемдік тариф енгізуге әкеп соғады, бұл тұтынушыларға игерілмеген қаражатты қайтаруды білдіреді.

«2019 жылғы тарифтік сметалардың орындалуын талдау монополистерге жалпы сомасы 12,4 млрд. теңгеге уақытша өтемдік тарифтерді бекітуге мүмкіндік берді. Осыған байланысты, бұл еліміздің бірқатар өңірлерінде халық үшін тарифтердің төмендеуіне алып келді», - деп хабарлады Асан Дарбаев.

Сонымен қатар, тұтынушыларға жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жыл сайын жылу үшін артық төленген ақша қайтарылады. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 737 млн. теңгеге жуық ақшалай сома қайтарылды.

Сондай-ақ, ведомство басшысы ТМД және Еуропа елдерінің тарифтерін де назардан тыс қалдырмады. Ол Қазақстанда ТКШ саласындағы тарифтер олармен салыстырғанда төмен тарифтердің бірі болып қалатынын атап өтіп, және нақты мысалдар келтірді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы 2021 жылы коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі күтілмейтіні туралы жақсы жаңалықпен бөлісті. Сондай-ақ, ол 2021 жылға арналған тарифтерді қалыптастыру кезінде ТМРК ұстанатын қағидаттарға тоқталды.

Бұдан әрі, Асан Дарбаев елордада газ тарифінің қалай қалыптасқаны туралы айтып, бұың құрылымына толығырақ тоқталды. Белгілі болғандай, тариф текше метр үшін 34,6 теңге (ҚҚС-пен) құрады, нәтижесінде ол бұрын болжанған деңгейден төмен болды (45 теңге).

Ведомство басшысы тарифтерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар туралы да айтты.

Асан Дарбаев бүгінгі күні өзекті «Иесіз желілер» атты тақырыбына да тоқталды.  

«Бүгінге 10 646,98 км коммуналдық желі мен 2 677 нысанды, сондай-ақ 3 220 км иесіз желі мен 307 нысанды табиғи монополистердің сенімді басқаруына беру жоспарланып отыр. Мысалы, Атырау облысы бойынша 861,19 км су құбыры және кәріз желілері мен 10 объекті, Жамбыл облысы бойынша 726 км және Маңғыстау облысы бойынша 824 км газ құбыры желілері сенімгерлік басқаруға берілген. Желілерді беру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады», - деп атап өтті ол.

Тариф белгілеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету шеңберінде халықпен кері байланыс тетіктерін енгізумен қатар, «Монополист» ақпараттық базасы жұмыс істейді және жетілдірілуде, ол монополистердің тарифтік сметаларына және инвестициялық бағдарламаларына тәуліктің кез келген уақытында мүлдем әркімге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әркімге субъект бекітуге ұсынатын тарифтердің жобаларымен танысуға мүмкіндік береді.

Өз сөзінің соңында Асан Дарбаев ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Мемлекет басшысының тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге және табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне бағалар мен тарифтерді көтеруге қарсы күресті күшейтуге бағытталған тарифтік саясат бөлігіндегі негізгі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіп жатқан белсенді жұмысы туралы айтып берді. 

«Бұл үшін өткен жылдың соңында аталған міндеттерді іске асыруға бағытталған және осы бағыттағы жұмысты күшейту мақсатында қалыптастырылған 5 бағытты көздейтін 39 іс - шараны қамтитын жол картасы бекітілді», - деп атап өтті ТМРК басшысы. 

Сондай-ақ, ол ТМРК әрқашан тұтынушылардың мүдделері бәрінен жоғары болатын саясатты әрдайым ұстанатынына сендірді.