ТМРК «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді

ТМРК «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2026 жылы 31 шілде сағ.11:00-де «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның магистральдық теміржол желісі қызметтеріне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталмай тұрып өзгерту және «КТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ның локомотивтік тарту қызметіне шекті бағаны арттыру туралы, сондай-ақ инвестициялық бағдарлама жобасы бойынша өтінімдерін қарау шеңберінде жария тыңдау өткізетінін хабарлайды.

Жария тыңдау Қонаев көшесі, 6, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ғимараты, А блогы, 16-қабат, мәжіліс залы мекенжайда өтеді.

Бұдан басқа, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жария тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде «ZOOM» платформасы арқылы көрсетілетін болады (конференция идентификаторы: 993 5783 2710; қол жеткізу коды: 207496, https://zoom.us/j/99357832710?pwd=kACRpTEUyUlVfQsH4qKBqhy4bYZl44.1 )

Тыңдауға ҚР мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «КТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС өтінімі ашық қолжетімділікте www.monopolist.gov.kz сілтеме бойынша орналастырылған).

Комитеттің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайы: тел. +7 (7172) 74-25-13, www.gov.kz/memleket/entities/krem, тел. +7 (7172) 60-37-97, https://railways.kz/ru/.