ТМРК қызметкерлері Электр энергетикасы мәселелері бойынша ЭРРА отырысына қатысты

ТМРК қызметкерлері Электр энергетикасы мәселелері бойынша ЭРРА отырысына қатысты

Ағымдағы жылғы 19 қарашада Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығы (ЭРРА) – Электр энергиясы нарықтары және экономикалық реттеу комитетінің жұмыс органының отырысы өтті, оған ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлері де қатысты.

ЭРРА Комитетінің мүшелеріне 2020-2021 жылдарға арналған жұмыс жоспары ұсынылды. ЭРРА Комитетінің екі жылдық жұмыс жоспары келесі негізгі бағыттарды қамтиды:

- бөлшек бәсекелестік: нарықты қайта реттеу және субсидияларды алып тастаудың салдары, тарифтердің түпкі тұтынушыларға әсері;

- реттелетін инфрақұрылымның тиімділігін бағалау, эконометриялық модельдер мен әдістемелерге шолу;

- соңғы пайдаланушылардың икемділігін арттыруға және сұранысты басқарудың тиімділігін арттыруға арналған баға құралдары;

- цифрландыру: зияткерлік желілер мен зияткерлік есептегіштер және олардың бағаны реттеуге әсері;

- орталықсыздандыру: таратылған генерация, өндіретін тұтынушы.

Отырыс аясында ТМРК қызметкерлері өтпелі кезеңде ЭРРА мүше-елдердегі электр энергиясы нарықтарындағы бағаларды реттеу тетігімен танысты, атап айтқанда, қатысушыларға Босния және Герцеговина тәжірибесі таныстырылды.

Негізгі назар бағаларды (тарифтерді) реттеуден біртіндеп бас тартуды қамтамасыз етуге бағытталған қолданылатын өтпелі шараларға, нарықты ашудың негізгі кезеңдеріне, көтерме және бөлшек сауда нарығында бәсекелестікті біртіндеп енгізуге және бөлшек сауда деңгейінде электр энергиясына бағаларды тұрақтандыруды қамтамасыз ететін жаңа қатысушылардың рөліне аударылды.

Айта кету керек, ЭРРА-ға мүше елдерде көтерме және бөлшек сауда деңгейінде нарықты дамытудың оң тәжірибесін талдау ЭРРА Электр энергиясы нарықтары және экономикалық реттеу комитетінің тұрақты міндеті болып табылады.

Осыған байланысты, отырыс барысында Австрияның реттеуші органының (E-Control) өкілдері электр энергиясының бәсекелес нарығын енгізудің оң тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара қорытындысы бойынша, дөңгелек үстелде реттеуші органдардың өкілдерін қызықтырған практикалық мәселелер қатысты белсенді пікірталас өтті.