ТМРК «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді

ТМРК  «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті (әрі қарай-Комитет) 2026 жылғы 10 шілдеде күні сағат 11:00-де «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның 2026–2031 жылдарға арналған электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтерге, ұлттық электр желісін пайдалану қызметтеріне, электр энергиясын желіге жіберу мен тұтынуды техникалық диспетчерлеуге, сондай-ақ электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыруға арналған тариф және тарифтік сметаларын бекітуге ұсынған өтінімдерін қарау шеңберінде жария тыңдау өткізетінін хабарлайды.

Жария тыңдаулар Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат, «KEGOC» АҚ Әкімшілік ғимараты, конференц-зал, 1-қабат мекенжайы бойынша өтеді.

Сонымен қатар, басқада мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында келесі сілтеме бойынша онлайн-трансляция түрінде көрсетілетін болады: https://www.facebook.com/share/1DjiJNdQFv/?mibextid=wwXIfr.

Жария тыңдауға ҚР Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың шақыруымен өткізіледі («KEGOC» АҚ өтінімі ашық қолжетімділікте сілтеме бойынша орналастырылған: https://monopolist.gov.kz ).

Комитеттің және Қоғамның байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайы: тел. +7 (7172) 74-25-13,  www.gov.kz/memleket/entities/krem, +7 (7172) 690-410, https://kegoc.kz/ru /.