Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

2026 жылғы 12 мамырда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының ішкі нарығына бірыңғай маршруттау жөніндегі операторлық қызметке шығындық әдісті қолдана отырып тариф пен тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімді талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.

Жария тыңдау ТМРК-ның мұнай мен газды тасымалдау саласын реттеу басқармасының басшысы Нұшарауан Лесбекұлының төрағалығымен өтіп, ол қатысушыларды іс-шараны өткізу тәртібімен таныстырды.

Ол тарифтік өтінімді талқылауға барлық мүдделі тараптардың қатысуының маңыздылығын атап өтті. «Жария тыңдауларды өткізудің мақсаты – ашықтықты, жариялылықты, ақпараттандырылуды қамтамасыз ету және тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау», – деді Нұшарауан Лесбекұлы.

Іс-шараға «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.

Өтінім бойынша баяндама жасаған «ҚазТрансОйл» АҚ Тарифтік реттеу басқармасының бастығы Азамат Уринбаев болды.

Жария тыңдау офлайн форматта өткізіліп, ТМРК-ның ресми Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл мүдделі тұлғаларға нақты уақыт режимінде сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында ұсынылған тариф пен тарифтік сметаның алдын ала сипатта екені атап өтілді. Түпкілікті шешім «ҚазТрансОйл» АҚ өтінімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде қарау қорытындысы бойынша қабылданады.