
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2026 жылы
15 мамыр сағат 11:00-де «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ–ның магистральдық теміржол желісі қызметтеріне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталмай тұрып өзгерту, сондай-ақ инвестициялық бағдарлама жобасы бойынша өтінімін қарау шеңберінде жария тыңдау өткізетінін хабарлайды.
Жария тыңдау Қонаев көшесі, 6, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ғимараты, А блогы, 16-қабат, мәжіліс залы мекенжайда өтеді.
Бұдан басқа, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде «ZOOM» платформасы арқылы көрсетілетін болады (конференция идентификаторы: 992 3455 0041; қол жеткізу коды: 032934, https://zoom.us/j/99234550041?pwd=bYZg5TZ8lEcVg62r4B8hz01WTINDDb.1).
Тыңдауға ҚР Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өтінімі ашық қолжетімділікте www.monopolist.gov.kz сілтеме бойынша орналастырылған).
Комитеттің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайы: тел. +7 (7172) 74-25-13, www.gov.kz/memleket/entities/krem, тел. +7 (7172) 60-37-97, https://railways.kz/ru/.