ТМРК «ҚазТрансОйл» АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметке тарифті және тарифтік сметаны бекіту өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді

ТМРК «ҚазТрансОйл» АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметке тарифті және тарифтік сметаны бекіту өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2026 жылғы 12 мамыр күні сағат 12:00-де «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Қазақстан Республикасының ішкі нарығына біріңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет көрсету жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифті және тарифтік сметаны тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолдана отырып бекіту өтінімі бойынша жария тыңдау өткізетінін хабарлайды.

Жария тыңдау Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-үй, 12-ғимарат, 7-қабат, конференц-залда өтеді.

Сонымен қатар, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдаулар онлайн режимде Facebook әлеуметтік желісіндегі Комитеттің парақшасы арқылы көрсетілетін болады.

Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына мына сілтеме бойынша кіруге болады: https://www.facebook.com/profile.php?id=100067783764461.

Тыңдауға ҚР Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтініші ашық қолжетімділікте https://monopolist.gov.kz/ сілтеме бойынша орналастырылған).

Комитеттің және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайы: тел. +7 (7172) 74-24-92, www.gov.kz/memleket/entities/krem, тел. +7 (7172) 610-409, https://kaztransoil.kz/kz/.