
2026 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтер тұтынушыларына қоғамдық қабылдау өткізді. Осындай іс-шараларды Комитеттің бүкіл ел бойынша аумақтық департаменттері ұйымдастырды.
Қоғамдық қабылдаулар дәстүрлі түрде Facebook платформасында онлайн форматта өтті. Бұл формат аудиторияны кеңінен қамтуға мүмкіндік беріп, азаматтардың тікелей эфирге қосылып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, уәкілетті орган өкілдерінен жедел түсіндірме алуына жағдай жасады.
Іс-шара барысында Комитет мамандары электр энергиясы нарығындағы ағымдағы жағдай, тауарлық газдың бөлшек бағаларындағы өзгерістер, сондай-ақ сумен жабдықтау және жылумен қамту салаларындағы уәкілетті органның қарауында жатқан өтінімдерді қарау тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға, коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға және салалардың орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуына ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, қоғамдық қабылдау барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 2026–2027 жылдарға арналған магистральдық теміржол желісі бойынша реттелетін қызметтерге қатысты бекітілген инвестициялық бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы өтініміне (Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 22-бабына сәйкес), сондай-ақ жүк тасымалдау және локомотивтік тарту қызметтерін көрсететін қоғамдық маңызы бар нарықтың жаңадан құрылған субъектісі ретінде «Тексол Транс» ЖШС-ны енгізу мәселесіне қатысты түсіндірмелер берілді.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті ашық қоғамдық қабылдаулар өткізу тәжірибесін алдағы уақытта да жалғастырып, қызметінің ашықтығын арттыруға, халықпен кері байланысты нығайтуға және мемлекеттік реттеу салаларындағы маңызды өзгерістер туралы азаматтарды уақтылы хабардар етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.