Кезекті қоғамдық қабылдау онлайн режимде өтті

Кезекті қоғамдық қабылдау онлайн режимде өтті

Айдың басы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті азаматтар үшін қоғамдық қабылдау өткізіп жатқандығымен ерекшеленді.        

Осылай, бүгін де кезекті қоғамдық қабылдау ТМРК басшылығының төрағалығымен өтті.

Кезекті рет қабылдау Facebook арқылы онлайн режимінде өтті.

Комитетпен бірге азаматтардың қабылдауын ведомствоның 17 аумақтық департаменттері де жүргізді.        

Бұл жолы Комитет басшылығына тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем, Павлодарда радиомодульдық есептегіштерді орнатудың негізділігі бойынша ТМС талаптары, Алматы қаласының ТМС қызметіне қатысты және өзге да сұрақтар қойылды.

Қабылдау барысында келіп түскен ұсыныс бойынша ағымдағы жылдың 6 қарашасында тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша өңірлік қоғамшылдардың қатысуымен онлайн-конференция өткізу туралы шешім қабылданды.

Тұтынушылардың қалған сұрақтарына Комитет басшылығы нақты түсініктемелер берді.