ТМРК елордада газ тарифін жоспарланған деңгейден төмен бекітті

ТМРК елордада газ тарифін жоспарланған деңгейден төмен бекітті

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті а.ж. 30 қазанда 2020 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізе отырып, Нұр-сұлтан қаласы үшін тауарлық газға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Астана филиалына ҚҚС-сыз 1 текше метр үшін 30,9 мөлшерінде (ҚҚС-пен 1 текше метр үшін 34,6) тариф бекітті. Тариф 1 жыл мерзімге енгізілді.

Нұр-сұлтан қаласының тұтынушылары үшін тауарлық газды өткізудің түпкілікті бағасын есептеу кезінде, Энергетика министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген тауарлық газды көтерме саудада өткізудің қолданыстағы шекті бағалары ескерілді. 

Тариф бұдан бұрын бірқатар БАҚ-та хабарланған болжамды тарифтен төменірек қалыптасқанын атап өтеміз.