
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті 2024 жылға арналған су тарату желілері арқылы су беру және сарқынды суларды бұру қызметтері бойынша тарифтік сметалардың орындалуы туралы есепке талдау жүргізу нәтижесінде «Семей Водоканал» МКК-ның тарапынан бекітілген тарифтік сметалардың 479 млн теңгеге жуық сомаға орындалмағанын анықтады.
Тексеру барысында су беру қызметі бойынша тарифтік сметаның орындалмау сомасы 375 191,25 мың теңгені, ал сарқынды суларды бұру қызметі бойынша 103 706,93 мың теңгені құрағаны белгілі болды. Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесін ескере отырып, 478 898,18 мың теңгені құрады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаражатты тарифтік реттеу тетігі арқылы қайтару мақсатында Департаменттің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 7-ОД және № 8-ОД вр бұйрықтарымен 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тариф бекітілді.
Су тарату желілері арқылы су беру қызметі бойынша тариф мөлшері 11,78%-ға төмендетіліп, 198,90 теңге/м³-тен 175,48 теңге/м³-ке дейін азайтылды. Сарқынды суларды бұру қызметі бойынша тариф 7,08%-ға төмендетіліп, 137,40 теңге/м³-тен 127,67 теңге/м³-ке дейін қысқартылды. Қабылданған шаралар Абай облысының тұтынушыларына қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Аталған факт бойынша «Семей Водоканал» МКК-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес екі әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалды. Істі қарау нәтижесінде кәсіпорынға 13 840 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Айыппұл сомасының 50%-ы жеті тәулік ішінде ерікті түрде төленуіне байланысты іс қолданыстағы заңнамаға сәйкес қысқартылған тәртіппен қаралды, төленген айыппұл сомасы мемлекеттік бюджет кірісіне аударылды.