Асан Дарбаев ЭРРА төрағаларының виртуалды кездесуіне қатысты

Асан Дарбаев ЭРРА төрағаларының виртуалды кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығының (ЭРРА) жұмыс істеп тұрған мүшесі болып табылады.

ЭРРА - бұл, ең алдымен, Еуропа, Азия, Африка, Орта Шығыс, Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің энергетиканы реттеудің тәуелсіз органдарын біріктіретін ерікті ұйым.

Қауымдастықтың негізгі міндеті өз мүшелері арасында ақпарат және тәжірибе алмасуды ұлғайту және бүкіл әлемде энергетиканы реттеудің жинақталған тәжірибесіне қолжетімділікті кеңейту болып табылады.

ЭРРА-ға мүше ұйымдардың төрағалары, президенттері және комиссия мүшелері 2009 жылдан бастап екі жылда бір рет энергетика саласын реттейтін мемлекеттік органдар тап болатын ең өткір мәселелерді талқылау үшін кездеседі. Бұл бейресми кездесулер бір-біріне заңнамадағы соңғы өзгерістер және электр, газ және су саласындағы проблемалар туралы хабардар етуге тамаша мүмкіндік береді.

Мұндай кездесу бүгін, 2020 жылғы 28 қазанда өтті, онда ЭРРА төрағалары, соның ішінде ТМРК басшысы Асан Дарбаев виртуалды форматта кездесті.

2020 жылғы 17 қыркүйекте жалпы жиналыста сайланған ЭРРА-ның төрағасы – Майя Меликидзе құттықтау сөз сөйледі.

Күн тәртібі аясында келесі мәселелер қаралды:

- айырбас бағамының тәуекелдері және тарифтерді реттеу туралы;

- нормативтік құқықтық базадағы сот шешімдері туралы: реттелетін ұйымдармен сот даулары, даулардың түрлері (тарифтер, нарықтық ережелер және т. б.);

- орталықтандырылған ауаны салқындату жүйесін реттеу туралы;

- ЭРРА мүшелерінің сутекке ерекше назар аудара отырып, декарбонизацияға қатысты саяси және реттеуші тәжірибесі туралы.

Виртуалды кездесу барысында Грузия, Түркия, Шығыс Африка, Молдова, Латвия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Франция және Австрияның энергетикасын реттеу органдарының өкілдері жоғарыда аталған мәселелерді шешу бойынша практикалық мысалдармен бөлісті.

Баяндамашылардың сөз сөйлеу қорытындысы бойынша, дөңгелек үстелде реттеуші органдарының өкілдерін қызықтыратын мәселелер белсенді талқыланды және іс-шараның қорытындысы шығарылды.