Табиғи монополияларды реттеу комитетінде азаматтарды онлайн қабылдау өтті

Табиғи монополияларды реттеу комитетінде азаматтарды онлайн қабылдау өтті

2026 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтерді тұтынушыларға арналған қоғамдық қабылдау өткізді. Осы күні Комитеттің аумақтық департаменттері де республика бойынша осындай іс-шараларды ұйымдастырды.

Қоғамдық қабылдаулар дәстүрлі түрде Facebook әлеуметтік желісі платформасын пайдалана отырып онлайн форматта өтті. Бұл кең аудиторияны қамтуға және барлық мүдделі азаматтарға тікелей эфирге қосылып, өзекті мәселелер бойынша жедел түсіндірмелер алуға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында Комитет өкілдері электр энергиясы нарығындағы ағымдағы жағдай, тауарлық газдың бөлшек бағаларының өзгеруі, сондай-ақ уәкілетті органның қарауындағы сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау салаларындағы өтінімдерге қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірді.

Қоғамдық қабылдау барысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының магистральдық теміржол желісі мен кірме жолдар қызметтері бойынша 2026–2030 жылдарға арналған бес жылдық тарифтерді бекітуге қатысты өтінімін қарауға ерекше назар аударылды. Тиісті тарифтер 2025 жылғы 29 қарашадағы № 104-ОД және № 105-ОД бұйрықтарымен бекітілді.

2026 жылғы 1 сәуірге дейін тарифтерді арттыруға енгізілген мораторийді ескере отырып, магистральдық теміржол желісінің реттелетін қызметтері бойынша тарифтер 2026–2027 жылдары өсімсіз бекітіліп, кейінгі кезеңдерде 4 пайыз деңгейінде индексациялау көзделген. Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның кірме жолдар бойынша реттелетін қызметтеріне 2026–2030 жылдарға арналған бес жылдық тарифтер 2026 жылғы 1 сәуірден бастап индексация қолдана отырып бекітілді. Бұдан бөлек, Комитет кірме жолдар бойынша реттелетін қызметтерге қатысты «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасына тарифтерді арттырмай түзетулер енгізуді келісіп бекітті.

Қоғамдық қабылдау барысында тұтынушылардан өтініштер түскен жоқ.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті қызметтің ашықтығын арттыру, халықпен кері байланысты нығайту және реттелетін салалардағы негізгі өзгерістер туралы уақтылы ақпараттандыру мақсатында ашық қоғамдық қабылдаулар өткізу тәжірибесін жалғастырады.