ТМРК басшысының қатысуымен кезекті баспасөз тур Қостанайда өтеді

ТМРК басшысының қатысуымен кезекті баспасөз тур Қостанайда өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті кезекті баспасөз турды «Межрегионэнерготранзит» ЖШС-ы, «Қостанай-Су» МКК-ы жәнғе «КТЭК» МКК-ның нысандары бойынша өткізеді.

Осы баспасөз турға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы, Асан Дарбаев қатысады.

Баспасөз турда Қостанай қаласында үш кәсіпорынның нысандарының жұмысымен таныстыру жоспарлануда, атап айтқанда, «Қостанай-Су» МКК-ның дезинфекциялау жүйесі және ОСВ-да 2-көтерілімнің ВНС, «КТЭК» МКК-ның №2 Қазыналықтың Р-3,5-1,2/0,12 бу турбиналарының, химсутазарту және жылу схемасының, сонымен қатар «Межрегионэнерготранзит» ЖШС-ның «Прибрежная» қосалқы станциясындағы диспетчерлік нунктінің және КРУ жұмыстарымен.

Баспасөз тур 2020 жылғы 30 қазанда сағат 15:00-де өтеді.

Жиналатын орын: Қостанай қ., Киевская көш., 28 үй.

Департамент аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Қаладағы карантиндік режимді ескере отырып, келесі санитарлық нормалар сақталады:

- Маска режимін сақтау және кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтық;

- Келушілердің дене температурасын тепловизормен тексеру;

- 65 жастан аспаған келушілердің болуы.

Бұл ретте, санитарлық нормаларды сақтау мақсатында баспасөз турына қатысушыларды қатысу туралы ақпаратты 2020 жылғы 29 қазан күні сағат 15.00-ден кешіктірмей Департаменттің электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз: k.kostanay_kremzk@economy.gov.kz, немесе мына телефонға хабарласуды сұраймыз: 8 (747) 836-11-74.